Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінен адамның мәйіті табылды
ШҚО ТЖД
Бажов көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шықты.
Өрт шыққан пәтерден иіс тиіп уланған әрі денесін күйік шалған адамның денесі табылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
- Өрт сағат 17.09-да сөндірілді. Өрт 13 ш.м. ауданды шарпыды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Өрт орнында уланған белгілері бар және денесін күйік шалып қайтыс болған 1986 жылғы тұрғынның денесі табылды.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына абайсыздық себеп болған.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 9 адам жəне 3 техника жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз