Қазақстанға 639 тоннадан астам гүл жеткізілді
pixabay.com
Бұл бір айдағы елге шет елден жеткізілген гүлдердің саны.
Ең сұранысқа ие - раушан гүлі, қалампыр және қызғалдақ болып шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан ұлттық арнасының ақпаратына сүйеніп.
Кірістер комитетінің дерегінше, шет мемлекеттерден қаңтар айының өзінде елге 639 тоннадан астам яғни, 12 млн дана гүл жеткізілген. Бұған отандық кәсіпкерлер 5 млн доллар ақша жұмсаған.
Әсемдіктің символы саналатын өсімдіктер Эквадор, Нидерланды, Колумбия, Қытай, Кения, Өзбекстан мен Израилден импортталған.
Оқи отырыңыз