KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелініп жатыр?

Сурет: ru.wallpaper.mob.org

6.03.2024, 10:30 197 Оразай Жеңісұлы

Гүл бизнесі гүлдене түсетін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі жақындап қалды. Осы орайда Ұлттық статистика бюросы қызықты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна гүл мен бүршік импорттаған.

«Салыстыру үшін айта кетсек, 2022 жылы гүл импорты 46 миллион доллардан (6 832 тонна) асты», – деп нақтылады сарапшылар.

2023 жылы гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.

Гүлдердің ірі жеткізушілері: Эквадор – 4 913 тонна, Нидерланды – 1 633 тонна, Кения – 635 тонна және Колумбия – 488 тонна болды, - деп хабарлады ҚР Ұлттық статистика бюросы.

                                                                       

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив