Өткен айда ең жоғары жалақы қай маманға ұсынылды?
сурет: ainews.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды еңбек биржасында ақпанда ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын атады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Өткен айда жұмыс берушілер ең жоғары жалақы мөлшерін өнеркәсіптік альпинистерге (орта есеппен 1 миллион теңгеден бастап), бас құрылысшыларға (656 мың теңгеден бастап) және жүйелік сәулетшілерге (600 мың теңгеден бастап) ұсынған.
"Бұл ретте ең жоғары күтілетін жалақыны өз түйіндемелерінде IT-бөлімшелердің басшылары (орта есеппен 891 мың теңгеден бастап), бұрғылау жөніндегі супервайзерлер (850 мың теңгеден бастап) және коммерциялық ұйымдардың директорлары (846 мың теңгеден бастап) көрсетті", - делінген министрліктің ақпаратында.
Оқи отырыңыз