KZ
Өскемен
снегопад жел 6 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Әлеуметтік мекемелерде жайлы жағдай жасалады – ШҚО

13.03.2024, 21:12 79 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бюджеттік комиссия мәжілісінде интернат үлгісіндегі әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды. Ұсыныс енгізбес бұрын әлеуметтік мекемедегі адамдардың арасында  анонимді сауалнама жүргізген жөн деп есептейді ол.

– Әлеуметтік мекемеде тұрып жатқан адамдар мен тәрбиеленушілерге жайлы жағдай жасап ғана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, әлеуметтік тұрғыда қолдауға күш салу қажет, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс комиссиялары құрылатын болды. Комиссия өкілдері аз уақыт ішінде балалар мен ересектерге арналған интернат ғимараттарына тексеру жүргізіп, олқылықтардың орнын толтыру үшін жоба жасайды.

Қала-аудан әкімдеріне нұсқау күтіп отырмай аталмыш мекемелерге барып, түйіткілді мәселелерді дереу шешу ұсынылды.

Мысал ретінде Жаңа Қанай ауылындағы психикалық денсаулық орталығын айтуға болады. Естеріңізде болса, өткен жылы облыс әкімі Ермек Көшербаев 1947 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мекемеге арнайы барып, ғимарат корпустарының тозып тұрғанына көз жеткізіп қайтқан. Сол кезде қамқорлықты, күтімді қажет ететін жандарға арнап жаңа ғимарат салу туралы шешім қабылданды.

Бүгінде жоба әзірленіп жатыр. Мекеме Жаңа Қанайдың арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болып жаңарып, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағына өтеді.

Суреттер: ШҚО білім басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив