KZ
Өскемен
+6°
небольшой дождь жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Заманауи көшпенділіктің жақсы жақтарын игере білу керек – Тоқаев

сурет: t.me/aqorda_resmi

15.03.2024, 16:51 110 Оразай Жеңісұлы

Шетелде еңбек етіп, жаңа дағдыларды игеріп, жаңа кәсіп меңгеру арқылы ел елінің экономикасын дамытуға едәуір үлес қосуға болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында осындай ойды ортаға салды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

«Бала есейген соң қанаттанып, ұядан ұшуға тиіс. Басқа аймақтарда, тіпті, шетелде білім алуы қажет. Өзге жұрттың қалай өмір сүріп жатқанын көргені абзал. Сондай-ақ қай жерде өзіне және еліне пайдасы тисе, сол жерге барып еңбек етуі керек. Бүгінде солтүстік аймақтарда жұмыс күші жетіспейді. Ол жақта тегін білім алуға, жақсы жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар. Мемлекет беріп отырған осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Біз мыңдаған шақырым жерде көшіп-қонып жүрген көшпенділердің ұрпағы екенімізді ұмытпайық. Қазіргі жастар заманауи көшпенділіктің жақсы жақтарын игере білуі керек. Көші-қон – дүние жүзіне ортақ қалыпты құбылыс», - деді Президент.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив