Биыл елдегі 1400 шақырым темір жол жөнделеді
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
ҚТЖ теміржол магистралін жоспарлы күрделі жөндеуге кірісті.
2029 жылға дейін ҚТЖ 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі ақпараты бойынша, жолды жаңғырту оңтүстік өңірде Арыс-1 – Талдықұдық – Шағыр аралығында басталды. Наурыз айының соңына дейін Аққұм – Талап (Қызылорда облысы) және 15 Рзд.– Ақ-Қыстау – Бақсай рзд. (Атырауская область) аралықтарында жұмыстар басталады.
Жұмыстардың үлкен көлемі Ақтоғай – Семей – Алтай (153 км), Шу – Қандыағаш (266 км), Қандыағаш – Ақсарай (138 км), Астана – Алматы (260 км), Алматы – Павлодар (106 км), Жаңа – Есіл – Көкшетау (161 км) учаскелерінде жоспарланған.