Артаевтың құрметіне жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды
Бокстан 2008-2009 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың жүлдесі үшін шаршы рингте жұдырықтасатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйенсек, 28 наурызға дейін жалғасатын бокс бәсекесінде еліміздің 20 өңірінен бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен 300-ге жуық спортшы 13 салмақта жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Ұйымдастырушыларының айтуынша, жасөспірімдер арасындағы бәсекенің көптеп өтуі боксшылардың тәжірибесін арттырып, болашақ чемпиондарды дайындауға өте үлкен мүмкіндік болмақ.
Сондай-ақ, жарыстың ашылу салтанатында бірінші рет орта салмақта отандасымыз Бақберген Әлиасқаров пен Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан) 4 раундтан тұратын кәсіпқой бокс кездесуін өткізді.
Тартысты өткен айқас тең аяқталып, қос елдің достығы жеңіске жетті.