KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек – Премьер-Министр

сурет: primeminister.kz

26.03.2024, 11:31 83 Оразай Жеңісұлы

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды.

Үкімет басшысы жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысын ерекше бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

«Фермерлер өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіруде. Өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кетті. Бұл қаражатты егіс жұмыстарына жаратуға болатын еді. Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек», - деді Премьер-Министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, көктемгі егіс науқанына қажетті дизель отынының бағасы бекітілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив