KZ
Өскемен
+8°
туман жел 3 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Арнайы көліктер тұрақты рейске шықты – Өскемен

28.03.2024, 12:41 122 Оразай Жеңісұлы

Қазіргі уақытта қала көшелеріндегі қар еріп кетті. Коммуналдық қызмет өкілдері енді көшелердің шаңын басуға күш салып жатыр.

«Таза Өскемен» кәсіпорнының арнайы көліктері тұрақты рейске шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандар жұмыстың негізгі көлемін түнде орындайды. Дегенмен кейбір көліктер күндіз де жолға шығады.

Жүргізушілер көлікті жол бойына қомайса, жұмыс да қарқыныда артады. Коммуналдық қызмет өкілдері осындай өтініш айтады.

Мамандар муниципалды инфрақұрылымды санитарлық тазарту бойынша маусымдық жұмыстарға кірісті.

«Қазіргі басты міндет – аялдамаларға және автожолдарға көктайғаққа қарсы себілген қиыршық тас пен құмды жинап алу. Өйткені желдің екпінімен құрғақ шаң ауаға көтеріледі. Сонымен қатар, қар астынан шыққан түрлі қоқыстарды дереу тазалау қажет», - деп хабарлады "Таза Өскемен" коммуналдық мекемесінің баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив