KZ
Өскемен
+5°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
497.89 525.12 5

Қой баққан озар: бүгін елдегі малшылардың мерекесі

pexels.com

9.06.2024, 14:00 114 Назерке Каримова

Маусым айының екінші жексенбісі – Қазақстандағы мал өсірушілер күні.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы саласының дамуына мал өсірумен айналысатын шаруалардың қосқан үлесі зор,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сан ғасырлық дәстүрі мен өмір дағдысы осы саламен ұштасқан Қазақстанның әлемдік мал шаруашылығы нарығында алар орны ерекше.

– Біздің елімізде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге орасан зор мүмкіндіктер бар. Қолайлы табиғи-климат пен жайылымдардың кеңдігі, өткізу нарықтарының жақындығы саланың өркендеуіне серпін береді, – деп атап өтті ҚР ауыл шаруашылығы министрі. – Сіздердің күш-жігерлеріңіз бен мемлекеттің қолдауының арқасында сала қарқынды дамып, еліміздің жалпы өнімнің 49% астамын құрады.


Министрлік мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жылда еліміз сиыр, қой, жылқы етімен және жұмыртқамен өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жетті, ал құс еті бойынша соңғы 5 жылда импортқа тәуелділік 51%-тен 27%-ке дейін төмендеді.

Осы кезеңде мал шаруашылығына салынған субсидиялар көлемі 30%-ке өсіп, 2023 жылы 147 млрд теңгеніқұрады.

Өткен жылы қуаттылығы 30,8 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 22 сүт-тауарлы фермасы, қуаттылығы жылына 86,5 мың тонна құс етін өндіретін 4 ет бағытындағы құс фабрикасы іске қосылды.

– Ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта асыл тұқымды малдың үлес салмағы 12% - дан асты, – деп мәлімдеді министрлік.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу