KZ
Өскемен
снег жел 6 м/с, Ю
512.81 604.19 6.57

ҰБТ сертификатын қолдан жасау фактілері әшкере болды

Фото: zamandas.kz

23.07.2024, 19:16 390 Ләззат Қанатқызы

Кейбір түлектер грант конкурсына қолдан жасалан ҰБТ сертификатын өткізген.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сүйенсек, мұндай жағдайлар жиілеп кеткен көрінеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Қазіргі уақытта грант конкурсына құжат қабылданып жатыр, қабылдау комиссиясына 10-нан астам жалған сертификат ұсынылған. ҰБТ сертификатын қолдан жасау мүмкін емес екенін ескеру маңызды. Әрбір сертификатта оның түпнұсқалығын бірден тексеруге мүмкіндік беретін бірегей QR коды бар. Сондай-ақ, ҰБТ сертификаты ресми құжат болып табылады және оны қолдан жасау ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, - делінген хабарламада.

Сертификатты қолдан жасаудың барлық жағдайы тиісті шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу