KZ
Өскемен
-3°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Адамдар енді Марсқа ұша ала ма?

dzen.ru

Кеше, 13:00 40 Назерке Каримова

Таяуда ғана SpaceX компаниясы Starship  зымыранын экипажсыз сынақ режимінде орбитаға ұшырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Qazaqstan» телеарнасы ақпаратына сүйеніп.

Бұл жолы алғаш рет Super Heavy зымыран тасығышы ұшқан жеріне қайта қонды. Енді зымыран тасығышты қайта ұшыруға болады. Бұл оған кететін шығынды айтарлықтай азайтпақ.

Starship  жобасының сәтті өтуі адамдарды Марсқа ұшыруға бастама бола алады.

Starship зымырандары АҚШ-тың НАСА агенттігі үшін де маңызды. Олар оны Artemis бағдарламасы аясында қолдануды жоспарлап отыр. Ондағы мақсаты – алдағы 10 жылда адамдарды Айға қондыру.

Айта кетейік, Starship зымыраны ең алғаш 2023 жылы 20 сәуірде ұшырылған болатын. Алайда ол бірнеше минуттан кейін жарылып кеткен. Сол жылғы 18 қарашадағы екінші ұмтылыс та сәтсіз аяқталған. Осылайша бірнеше сәтсіздіктен кейін 13 қазанда Илон Маск ақыры дегеніне жетіп, ойындағысын орындады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив