АПВ-ға байланысты обыр жыл сайын 600 мыңнан астам әйелде анықталады
pexels.com
АПВ инфекциясы әлемдегі барлық онкологиялық аурулардың шамамен 5%-ын тудырады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйенсек, бағалау деректері бойынша АПВ-ға байланысты обыр жыл сайын 625 600 әйел мен 69 400 ер адамда анықталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Ұлттық канцер-тіркелімнің деректері бойынша Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 2000-ға жуық жаңа жағдайы анықталады, - деп мәлімдеді министрлік. - Жоғары қауіпті онкогенді 16, 18 АПВ типтері негізінен жатыр мойны обырын тудырады.
АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Қыркүйек айында Қазақстанда болашақта онкологияның алдын алу үшін 11-13 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталды.
Оқи отырыңыз