KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Нидерландыдан жеткізілген 160 мыңға жуық хризантема кері қайтарылды

pexels.com

20.10.2024, 14:00 91 Назерке Каримова

Бұл гүлдер  ақ тот паразитін жұқтырған жұқтырған болып шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша МИК аумақтық инспекциясының карантин инспекторы хризантема көшеттерінде карантинге жататын өнімге мемлекеттік карантинге жататын фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында «ақ тот жұқтырған хризантема» (Puccinia horiana) карантинге жататын объектісі анықталды.

- 159 400 гүл Нидерландыдан әкелінген. Инспектор алған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді. Экспертиза нәтижелері анықталған объект қауіпті карантинге жататын объект екенін растады. Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды. Карантинге жататын объект енуі мен таралуының алдын алу мақсатында гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды, - делінген министрлік ақпаратында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу