KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

«Протон-М» зымыран-тасымалдағышы ұшырылды

25.03.2012, 18:00 224


25 наурызда мәскеу уақыты бойынша 16.10-да Байқоңыр ғарыш айлағының 200-ші ұшыру кешенінен Орбитаға ұшыруға арналған коммунакациялық ғарыш аппараты (КА) «Intelsat-22» және Бриз-М» үдеткіш блогы бар ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» зымыран-тасымалдағышы ұшырылды, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг.

Ұшудың циклды бағдарламасына сәйкес, ұшырылудан кейін құрамында «Бриз-М» ҮБ және «Интелсат-22» КА бар басты блок ракета-тасымалдағыштың үшінші сатысынан штаттық түрде ажырады. Одан кейін ҮБ ғарыш аппаратын нысаналы орбитаға шығаруды жалғастырды.

Ғарыш аппараты зымыран тасымалдағыштан бүгін, мәскеу уақыты бойынша 7. 40-та ажыратылады.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив