KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды - Бас прокуратура

16.08.2022, 17:20 141

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың үштен бірі ғана табылды, қалғаны қылмыскерлердің қолында. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

-        Құқық қорғау органдары ғимараттарына шабуылдау нәтижесінде 1 259 табельдік қару ұрланды, оның ішінде автоматтар, тапаншалар мен гранатометтар болды. Атап айтқанда, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатомет, сондай-ақ 23 мыңнан астам патрон ұрланды. Жамбыл облысында 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон қолды болды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Бас прокуратура өкілінің атап өтуінше, Резиденцияда қиратулардан кейін 130 дана қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды. Оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатомет және снайпер мылтығы бар.

-        Барлық бұл фактілер бойынша тергеп-тексерулер жүргіліп жатыр. Қару-жарақ қоймалары табылып, оларға қатысы бар адамдар анықталуда. Қазіргі уақытта 481 бірлік қару табылды. Бұл барлық ұрланған қарудың үштен бірі. Қалғаны қылмыскерлердің қолында, - деді Елдос Қилымжанов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу