KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
497.89 520.89 5.47

«Мұғалім көркем шығармамен айналыспайды». ШҚО-да 74 мұғалімнің шығармасы енген жинақ жарық көрді

28.10.2020, 15:17 131

«Әр отбасының өз батыры бар». Дәл осындай атпен Шығыс Қазақстанда кітаптың тұсаукесері өтті.

ҰОС 75 жылдығына орай, облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ұстаздар арасында байқау жариялаған болатын. Байқауда ұстаздар ардагерлердің қилы тағдыры мен соғыс жылдары жайында қалам тербеген.

Сол байқаудың нәтижесінде еңбектер жинақ боп басылып шығып, Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында тұсауы кесілді.

- Мұғалімдердің еңбегі далада қалмасын деп жинақ шығару бастасын қолға алып, ұсыныс тастап едім, кәсіподақ құп көрді.  Қоғамда «мұғалім көркем шығармамен айналыспайды. Мұғалім тек бір бағытта сабақ береді, сол бағытпен қайтады» деген жансақ әрі кереғар пікір бар. "Біздің ұстаздар ондай емес, көркем әдеби шығармамен, туындылармен айналыса алады» деген оймен, облыстағы мұғалімдерді насихаттау, беделін көтеру мақсатында осындай істі қолға алдық, - дейді «Әр отбасының өз батыры бар» кітабының құрастырушысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, зайсандық Еркебұлан Зағыпаров.

Жинақта облыстағы 74 мұғалімнің шығармасы енді. Сондай-ақ, жинақта 50-60 жылдары бақилық болып кеткен ҰОС ардагерлерінің еңбектері де бар. 109 батырдың аты жөні архивтен алынып, олардың қай аудан, ауылдан шыққаны, өмірбаяны теріліп жазылды дейді автор.

- Кәсіподақ ұйымы мұғалімдердің мүддесі мен құқықтарын қорғай отырып, өскелең ұрпаққа біліммен қоса, рухани-патриоттық өнеге тәрбие беруді көздейді.Жинақ шығару, өзің жазғаннан да орасан зор еңбекті талап ететін дүние. Оны құрастырып, редакциялау – үлкен жұмыс. «Әр отбасының өз батыры бар» кітабы - тарих қойнауында қалып қойған ҰОС ардагерлерінің есімі қайта жаңғырып, әр отбасныың өз батыры бар деп мақтанға айналатын шағын жинақ, - дейді ШҚ Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Назгүл Қасенова.

Сонымен қатар, шара барысында кітап құрастырушы Еркебұлан Серікұлына "Шығыс Қазақстан кәсіподақтарына - 100 жыл" мерейтойлық төсбелгісі тапсырылды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу