KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Ұстаздар үйінде сабақ өткізуге бола ма?

18.12.2019, 09:34 64

Жақында Өскеменде «Ұстаздар» үйінің ашылғаны жайлы жазған едік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жүйесіндегі педагогтардың біліктілігін арттырудың жаңа моделін құру тапсырмасын орындау мақсатында ашылып отырған орталық заманауи құралдармен жабдықталған. Мұғалімдердің біліктілігін арттыратын орталықта «Maker Space», «М.Монтессори», «Бейнестудия», «Ақпараттық-әдістемелік орталық» және институт музейі бар.

Мәселен, мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған М.Монтессори кабинеті. Дәл осы кабинетте мұғалім өз біліктілігін арттырып қана қоймай, оқушыларымен бірге сабақ өткізуіне де болады екен.

-         Бұл кабинеттің бір ерекшелігі, мұндағы балаға қажетті заттардың көбі ағаштан жасалған. Балалардың жан-жақты дамуы үшін арнайы бес бағыт қарастырылған. Осы бес бағыт арқылы сабақ жүргізген ұстаз оқушының бойындағы оқуға деген қызығушылығын арттырады. Бұл жерде ұстаздар өзінің сыныбын алып келіп, сабақ жүргізуіне болады, - дейді оқытушы Касенева Асия.

Орталық қызметкерлері, М.Монтессори кабинеті облыстағы барлық мектептерде болуы керек деген шарт жоқ. Бірақ осы кабинеттегі бес аймақты толық меңгерген мұғалім педагогиканың бір шыңын бағындырары анық дейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу