KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
497.89 520.89 5.47

Әлемде талай қызық бар: Түрмеден заңды түрде қашқан адамды білесіз бе?

28.10.2020, 11:48 148

Естімеген елде көп. Алмания, Австрия, Белгия және Мексика елдерінде түрмеден қашу заңсыз деп саналмайды. Бұл елдер адам өз өмірі үшін күресуге, еркін болуға қақылы деп санайды.

Айып – қылмыскерді ұстап тұра алмаған сақшыларға! Бір ескертерлігі, қашқан адам абақтының бірде бір затына тимеуге, ұрламауға тиіс. Қашу жоспары тастай болса жазадан құтылады.

Адамзат тарихында түрмеден тікұшақпен қашқан 40-қа жуық оқиға белгілі. Қашқындардың алғашқысы Джоэль Давид Капланның оқиғасы ел есінде ерекше сақталған. Осыған қатысты 1975 жылы режиссер Том Грайздың «Қашу» атты кинотуындысы да жарыққа шыққан.

Мексика билігі 1962 жылы америкалық бизнесмен, 28 жастағы Капланды өзінің серіктесін өлтіргені үшін соттағанын мәлімдеді. Арада тоғыз жыл өткенде Каплан қамаудан қашып құтылды.

Оқиға былай болған. Оның әпкесі жалдаған жекеменшік тікұшақ түрме ауласына келіп қонады. Бұл кезде сақшылар да, жазаланушылар да түгелдей теледидар қарап отырған. Алайда күзетшілер жағы әлдебір шенеунік кезекті жұмыс сапарымен келіп қалған болар деп, тікұшаққа мән бермеген. Сол сәтті көздеген Каплан болса түрменің еш затына тиіспей, тырдай жалаңаш тікұшаққа отырып, «еркіндік қайдасың» деп тартып отырады. Шаруа небары 10 секундта біткен. Ары қарай Каплан жеке ұшақа мініп, Мексика шекарасынан шығып кетеді.

Кейіннен белгілі болғандай, Каплан мен әпкесі осы мінсіз жоспарды ұзақ уақыт ойластырған екен. Сонда Каплан жалғыз өзі емес, жасанды ақша жасаушы венесуэлалық Антонио Контрерасом Кастроны да жанына отырғызып ала кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу