KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

«100% информация». Семей түрмесінен қашқан зектер туралы

6.12.2019, 05:52 182

Әлеуметтік желіде Семейдегі түрмеден бірнеше қаруланған «зектің» қашып кеткені туралы ақпарат таралды. «Семей қаласы, 35-колония, қаруланған зектер түрмеден қашқан. Семей, Дмитриевка, Бородулиха, Жезкентте іздеу күшейтілді. 100% информация», – делінген онда, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі baigenews.kz сайтына сілтеме беріп.

Аталған ақпаратқа байланысты ШҚО Полиция департаменті қысқа түсініктеме берді: «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды».

Сондай-ақ аталмыш мекеме жалған ақпарат таратқан адамдарға ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша үш мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын немесе үш жыл мөлшерінде бас бостандығы шектелетінін ескертті.

Айта кетейік, Семейдегі 35-колония (ОВ-156/15) – қатаң тәртіптегі түзету мекемесі. Бірнеше жыл бұрын ондағы жазасын өтеушілерден түрме қызметкерлерінің өздерін азаптайтыны туралы бұқаралық ақпарат құралы өкілдеріне шағым түскен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу