«Алтай» волейбол клубының жанкүйерлері жуық арада ойынды тамашалай алмайды
«Алтай» волейбол клубының жанкүйерлері жуық арада сүйікті командасының ойындарын тамашалай алмайды.
Бұған елдегі эпидемиологиялық жағдай себепші болуда. Дәл осыған байланысты волейболдан Қазақстан кубогы үшін жарыс кезекті мәрте кейінге шегеріліп отыр. Бұл туралы республикалық волейбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, 28 қыркүйекте коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республика бойынша өткізілуі тиіс барлық спорттық іс-шараны кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл додалардың енді қашан өткізілетіні әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз