ШҚО-да қандай мамандыққа сұраныс жоғары?
![](/kz/uploads/posts/iblock/dcb/dcb48bb1051176d064a533882b50819a.jpg)
Электронды еңбек биржасының статистикалық деректеріне сүйенсек, Шығыс Қазақстанда ең жоғары сұранысқа ие мамандық – бұл қарапайым жұмысшы екен.
2020 жылдың мәліметтері бойынша, өңірге қажет жұмыс күшінің 65 пайызын "көмекші жұмысшылар" құраған. Бұған өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласында істейтін жұмыскерлер енеді.
Одан кейінгі орында көлік жүргізушілері (5,4%), жол жұмысшылары (5%), жүк тиеушілер (4,7%), дәнекерлеуші (4,2%), дәрігерлер (3,5%), күзетші (3,5%) мен слесарь (3,1%), есепші (3%) мен құрылысшылар (3%) тұр.
Ең жоғары жалақы алатындар – өндіріс аумағы басшылары (713 мың теңге) мен шахтаны ұңғылау басшысы (700 мың теңге).