KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 2 м/с, З
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да бензинмен ойнаған 11 жастағы бала ажал құшты

24.12.2018, 10:10 203

Қайғылы оқиға жексенбі күні Глубокое ауданы Черемшанка ауылында болды. Оқиға болған кезде баланың анасы көрші бөлмеде мас күйінде ұйықтап жатқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бензинмен бет-албаты ойнаған бала беймезгіл мерт болды. ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек денесін күйік шалған. Куәгерлердің айтуынша, бала бензинмен ойнағанды бұрыннан жақсы көретін болған. Бензинмен түрлі «эксперименттер» жасаған. Абайсызда жанармайға от қойған ойын баласы о дүниелік болып кете барды.


Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылған жоқ. Алайда, ТЖ қызметкерлері ересектерді балаларға жауапты түрде қарап, оларға уақыт бөлуге шақыруда. Жыл басынан бері ШҚО-да 700-ден астам өрт болған, олардың 55-і - балалардың абайсыздығынан орын алған. Қазіргі таңда іс полиция қызметкерлеріне берілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив