KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да салют, пистонды заңсыз сатушылар анықталып жатыр

24.12.2018, 08:18 95

Семейде жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық заттарды заңсыз сатушылар анықталып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.



Іс-шара жүргізіліп жатқан үш күн ішінде заңсыз сауда сатқан 6 саудагер анықталды. Оларға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік хаттама толтырылды.


Полицейлердің айтысынша, жаңа жылдық жарқылдақтарды сақтауға қолайлы арнайы дүкендерде ғана сату керек.


– Мұндай жарылғыш заттарды сату үшін күн түспейтін, қар тимейтін қойма болуы керек. Ал көшеде ашық аспан астында сатуға болмайды, – деді аға инспектор Нұржан Толықбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив