KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, З
441.41 477.78 4.84

Қазақстан полициясы жарты айдың ішінде азаматтардан 1,5 мыңнан аса заңсыз сақталған қаруды сатып алды

15.02.2012, 18:00 142


Қазақстан полициясы жарты айдың ішінде азаматтардан 1,5 мыңнан аса заңсыз сақталған қаруды сатып алды, деп хабарлады ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

«ІІМ заңсыз сақталған атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу акциясын өткізуді жалғастыруда. Қазіргі күні акция шеңберінде полицияға азаматтардан 1126 арыз түсіп, бір мың жарымнан аса (1554) атыс қару тапсырылды», - деді Ораз сәрсенбідегі брифингте.


Оның ішінде 1- автоматикалық, 239 - ойық ұзын ұңғылы, 3 - ойық қысқа ұңғылы, 1289 - тегіс ұңғылы, 3 - травматикалық, 4 (екеуі граната) - жарылғыш құрылғы, 4,87 келі – жарылғыш зат және ойық қаруға арналған 47 мыңнан аса патрон.

« Мәселен, 13 ақпанда Петропавловск ІІБ-не жергілікті тұрғын – әйел адам ерікті түрде оқшантайы және 26 патронымен бірге номері өшірілген (9 мм. калибрлі) «Макаров» тапаншасын, 2 оқшантайы және 51 патронымен номері өшірілген (5,45 калибрлі) «АК-74» автоматын, «РГД-5» гранатасын және 16 калибрлі «ТОЗ-63» аңшы қаруын тапсырды. Оның айтуынша, бұл заттардың барлығы 2004 жылы тұрақты мекен-жайға Ресей Федерациясына көшіп кеткен жұбайына тиесілі», - деді ІІМ-нің өкілі.

Акция үстіміздегі жылғы 1 ақпаннан бастап 31 наурызға дейін өткізілуде. Тіркелмеген атыс қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Мемлекет қару-жарақты ерікті тапсырғандарға қарудың және оқ дәрінің әр бірлігі үшін оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем төлеуді көздеп отыр.

Мәлiметтiң көзi: Қазақстан жаңалықтары




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив