KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Туберкулездің асқынған түрімен ауыратын оншақты адам іздестіріліп жатыр

19.12.2018, 10:25 181

Туберкулез ауруының алдың алу жолы – жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау. Биыл облыс перзентханаларында 16950 шақалақ егілген. Бұл – жалпы туған балалардың 97,4 пайызы.


– Кейбір ата-аналар екпеден бас тартады. Ондай мәселе бар. Жыл басынан бері 94 баланың әке-шешесі вакцинация салдыртуға қарсы болды. Мұндай жағдайлар көбінесе Өскемен, Семей, Зырян қалаларында кездесті, – деп түсіндірді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.


Өкпе дертінің асқынған түрімен ауыратындар – қоғам үшін өте қаупті. Олар қоғамнан оқшаулануы тиіс. Облыста осындай 27 азамат бар. Олардың 25-і – бактерия таратушы. Қазір 15-і стационарда оқшауланған, 4-уі үйінде емделуде, ал қалған алтауы іздеуде жүр. Сондай-ақ, түрмеден босап шыққан 21 ауру азамат есепке алынған.


– Науқастарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Осы жылдың 10 айында 848 науқасқа 56265,4 мың теңге қаржы бөлінген. Келер жылдың 15 қаңтарына дейін біздің басқарма туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ұсынады, – деді Марат Шоранов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив