KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Енді Beeline арқылы мал жаюға болады

14.12.2018, 08:51 154

 Beeline компаниясы өзінің ауыл шаруашылығына арналған «ақылды» технологиясын таныстырды. Бұл Алматыда өткен Агротехникалық Саммит аясындағы Цифрлы технологияның артықшылығы кезінде де айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Енді малыңыз жоғалмайтын болады! Оның қай жерде жайылып жүргенін қадағалай аласыз. Beeline IoT, яғни «Бұйымдар Интернеті» экожүйесіне бұл бағдарлама жайылымда жүрген малдың жүрген жерін анықтауға, жануарлардың күйін қадағалауға мүмкіндік береді екен.


Қанатқақты жоба Павлодар облысынан бастау алып отыр. Алдағы уақытта Қазақстанның өзге облыстарына да тарамақ, дейді корпоративті коммуникациялар сарапшысы Әйгерім Бейсенбаева.


-Қолданатын жүйеміз басқаларынан арзан, құрылғы автономды режимде ұзақ уақыт, яғни бірнеше жыл жұмыс істеп, алыс ара қашықтыққа деректерді жібере алады. Beeline  арқылы жұмыс істейді.  Фермерлерге тигізетін пайдасы зор,-дейді Қазақстанның IoT-ты дамыту қызметінің жетекшісі Марат Аукетаев


Бұл жобаға  Қазақстанның басқа да өңірлері қызығушылық танытуда, солардың бірі Шығыс Қазақстан облысы.


NB-IoT технологиясын қолданудың негізгі артықшылықтары – жоғары деңгейлі қауіпсіздік пен жиіліктің лицензиялы диапазонында жіберілетін деректердің кедергілерден қорғалуы. NB-IoT негізгі параметрлерінің қатарында – таралу аймағын жақсарту, энерго тұтынуды азайту , мәселен, бір батареямен он жылға дейін автономды жұмыс істеу, сондай-ақ құрылғылар құнын төмендету де бар. Бір NB-IoT базалық станциясына 100 мыңға дейін IoT құрылғыны қосуға болады, бұл мобильді байланыстың қазіргі стандарттарының мүмкіндіктерінен он есеге дейін көп.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив