KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Семейде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған кабинет ашылды

13.12.2018, 04:28 162

Семейде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Әлеуметтік жобаны аймақ билігі «Дара» қоры, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорымен бірлесіп жүзеге асырған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Статистиканы сөйлетсек, Қазақстанда мүмкіндгі шектеулі балалардың саны 150 мыңнан асып жығылады екен. Солардың 27 пайызы жалпы орта білім беретін мектептерде оқыса, қалған 67 пайызы оның ішінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер мектепке дейінгі біліммен қамтылмайған қалған көрінеді. Құзыретті органдардың мәліметінше, Семей шаһарында 2371 бала денсаулықтарына байланысты тіркеуде тұр. Соның 462-сі түрлі себептермен қажетті білімге қол жеткізе алмай келеді. Мамандар, жаңадан ашылған түзету кабинеті осы олқылықтың орнын толтырады деген үмітте.


- «Дара» және «Samruk-Kazyna Trust» қорларына алғысымызды білдіреміз. Өйткені бұл бірлесіп атқарған екінші жобамыз. Осыған дейін мұндай кабинет 2016 жылы Өскемендегі №46 мектептің базасында ашылған еді. Семейдегі коррекциялық кабинет облыс бойынша екінші болып табылады. Инклюзивтік білімді дамытуға арналған облыстық бағдарламасына сәйкес, тағы 4 кабинетті ашу жоспарда бар. Олар Аягөз, Тарбағатай, Шемонайха және Зырян аудандарында орналаспақ, - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.


Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, бір жылдың ішінде 150 балаға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы. Ерекше жандарды қоғамға бейімдеуге психолог, тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, емдік-дене тәрбиесі мәдениетінің нұсқаушысы сынды мамандар септесетін болады. Әлеуметтік нысан 10-нан аса блоктан тұрады. Демеушілер, орталықтың материалдық-техникалық базасын жарақтап қана қоймай барынша кедергісіз аймақ құруға күш салған. Сонымен қатар қызметкерлердің білімін шыңдауға көмектесіпті.


- Бұл Қазақстан бойынша ашылған 10-шы орталық. Барлық жобаларды есепке алғанда, жыл сайын төрт мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі. Шығыс Қазақстанда осындай кабинеттердің саны екеу. Осы жерде мүмкіндігі шектеулі балалар білім алып, қоғамның толыққанды мүшесіне айналады деген сеніміміз басым. Бізге инклюзивті білімді дамыту аса маңызды. Неге десеңіз, ерекше санаттағы балғындар қоғамға шыққанда кез келген сұрақ бойынша қиналмауы тиіс. Барлығының құқығы тең дәрежеде сақталуы тиіс. Міне осындай орталықтар соған жәрдемдеспек. Биыл Қазақстанда үш психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және мектептердің жанынан 6 ресурстық орталық ашылады деп жоспарлануда. Осының барлығына 60 млн теңгедей қаржы қарастырылған, - деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.


Айтулы оқиғаға қатысқан шаһар әкімі Ермак Сәлімов, түзету кабинетінің көмегімен семейлік бүлдіршіндер көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізетініне сенім білдірді. Бұған әсіресе  ата-аналары дән риза. Себебі, ақыл-ойында кемістігі балалар қажетті білім алуларына жол ашылады дейді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив