KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
488.91 532.62 5

Облыс әкімі оқушыларға дәріс оқыды

27.11.2018, 08:24 85

Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс әкімі Даниал Ахметов өңір мектептерінің оқушыларына арнап Елбасының тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы рөлі туралы дәріс оқыды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскемендегі №46 орта мектепте аймақ басшысы қала мектептерінің 350 10-11 сынып оқушысына және онлайн режимде аудан-қалалардағы 1800 оқушыға дәріс оқыды.


Аймақ басшысы жас буынға Назарбаев феномені туралы ойымен бөлісті.


– Семей полигонында ресми деректер бойынша 469 ядролық жарылыс болған екен. Нақты саны одан да көп болуы ықтимал. Осы сынақтардың қаупін Елбасы жақсы түсініп, полигонды жабу туралы жарлық шығарды. Бұл – ешбір елдің басшысы жасап көрмеген батыл қадам болатын. Кейін Қазақстаннан үлгі алған АҚШ пен Франция өз полигондарын жапты. Қазақстан егемендігін алған кезде ядролық қару көлемі бойынша АҚШ, Ресей, Қытайдан кейінгі төртінші орында болатын. Бізде «СС-18» класты 124 оқтұмсық болды. Соның бәрі Президент үкімімен жойылды, – деді аймақ басшысы.


Дәріс барысында Даниал Амхметов елдегі ұлтаралық келісімді сақтап, нағайтудағы Елбасы еңбегін ерекше бағалады. Сонымен қатар, шекараны шегендеудегі берік ұстанымын айрықша атап көрсетті. 1993 жылғы қарашада теңгенің айналымға енуі қалай болғанын әңгімелеп айтып берді. Төл валютамызды шығаруда көптеген қиындықтардың кездескенін айтты.


Елбасының көп жылдан бергі сенімді серігі болып келетін Даниал Ахметов 90-шы жылдардың басындағы жекешелендіру, 1995 жылғы конституциялық реформа, елорданың Ақмолаға көшуі, Еуразиялық одақтың құрылуы сынды тарихи үрдістердің қалай жүргенін, Елбасы осы ретте қандай қиыңдықтармен бетпе-бет келгенін еске салды.


– Есімде ерекше сақталғаны – Қытайға сапар. Шекараны делимитациялау құжаттарына қол қою керек болды. Біздің делегацияны Қытай басшысы Дзянь Цземинь қабылдады. Сол кезде қытайлық көшбасшының айтқаны әлі есімде. Ол: «Қытай елі тарихта ешбір елмен шекарасын шегендеген емес, бұл – біздің ұстанған ішкі-сыртқы саясатымызға қайшы әрекет. Бірақ, мен қалыптасқан дәстүрді бұза отырып, Сіздің жеке басыңызға деген зор құрмет пен ілтипаттың белгісі ретінде екі ел арасындағы шекараны белгілейтін осы құжатқа қол қоямын. Қытай тарабының Қазақстанға қатысты ешқандай жер талабы жоқ!» деп келте қайырды. Бұл Қазақ елі үшін үлкен жеңіс болатын! Елбасының кемеңгерлігі – барлық жауапкершілікті өз мойныңа ала білуінде, – деп еске алды Даниал Ахметов.

Дәріс барысында оқушылар облыс әкіміне сұрақтар қойып, ой-жобаларымен бөлісті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив