KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.16 534.92 5.18

ШҚО-да ауыл әкімдері аймақ басшысының дәрісін тыңдады

1.03.2018, 11:29 107

Бұған дейін биылдан бастан өңірдегі жүз ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджеті қалыптасатынын, әкімдерге қаржыны басқару функциялары берілетінін жазғанбыз. Соған орай, ақпан айының басында алғашқы лекпен әкімдердің жартысы облыс орталығында арнайы оқыту семинарына қатысып, бюджеттік процестерді жүргізуді үйреніп қайтқан болатын. Енді қалған елу ауылдық округтің әкімдері Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында оқып жатыр. Оларға бірінші реттегідей облыс әкімі Даниал Ахметов өзі бастап арнайы дәріс оқыды.


– Мемлекеттік басқару жүйесінде әкімдер институты маңызды орын алады. Сіздер жеке бюджетке ие болып, жергілікті жерде жұмысты жүргізесіздер. Мемлекеттік менеджер ретінде аумақтағы әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелерді шешіп, қоғамдық-саяси өмірдегі өзара байланысты үйлестіресіздер, - деген облыс басшысы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру міндетін тиімді іске асыру үшін елімізде алғашқы болып «Жергілікті басқару жүйесінде кәсібилікті дамыту семинары» атты арнайы бағдарлама әзірленгенін жеткізді.

Сондай-ақ, дәріс барысында облыс басшысы Даниал Ахметов жиналған ауылдық әкімдердің алдында тәуелсіз елімізді аз уақыттың ішінде жалпақ әлемге танымал еткен бірегей тұлға, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мемлекетін құрып, қалыптастырудағы қайраткерлік тұлғасына тоқталып, Президенттің алысты болжайтын көрегендігі, көшбасшылық қасиеті сонау кеңестік заманның өзінде танылғандығын, одан бергі тәуелсіздікке қол жеткізген тұста оған өзінің де талай мәрте қызмет бабында куә болғандығын нақты мысалдармен әңгімелеп берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив