KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Халықтан 47 мың атыс қаруы мен бір млн дана оқ сатып алынған

27.11.2018, 04:31 129

Облыс тұрғындары үйлерінде сақталып келген атыс қаруларын белсенді түрде өз еріктерімен тапсырып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


2018 жылдың он айының қорытындысы бойынша атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар саны 19,7 пайызға азайған.

Ал республикада халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясының нәтижесінде тұрғындар 2,4 мың дана отты қаруды өз еркімен тапсырған екен.


Өз еркімен заңсыз сақталған суық қаруларды полицияға тапсыру жөнінен өңірлер арасында Шығыс Қазақстанның алдынғы орында тұрғаны белгілі болды.


Ағымдағы жылы акция 10 сәуірден бастап жүргізіліп келеді, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 125 млн теңге бөлінді. Іс-шара барысында ішкі істер органдарына бір мың жеті жүз адам хабарласып, өз еріктерімен 2,4 мың қаруды өткізіп кетті. Сондай-ақ, 35 мың данадан аса патрон қабылданып алынды, - дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында.


Оның берген ақпаратына сүйенсек, тұрғындардан қару сатып алу іс-шарасы 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы кезең аралығында халықтан 47 мың дана атыс қаруы және иір ойықты мылтыққа арналған бір млн дана оқ сатып алынған. Бұған 1,5 млрд теңге қаржы жұмсалған.


Атап өтерлігі, аталған акция алдағы үш жыл көлемінде жалғасады. Акцияның басталуы БАҚ-та жарияланатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив