KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

27-29 қарашада күн қайта жылынады - "Қазгидромет"

26.11.2018, 08:16 97

Қыстың алғашқы айы жақындап қалғанымен, елімізге күзгі жылылық қайта оралады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап, Алтайньюс тілшісі хабарлайды.


Елімізде 27-29 қарашада ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде.  Алайда көптеген облыста жауын-шашын мен бұлтты ауа райы болуы ықтимал. Сондай-ақ, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын және батыстан күшті жел соғады деп болжанып отыр.


Ал еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күндізгі температура 5-15°С жылылықты көрсетеді. Республиканың солтүстігі, орталығы мен шығысында ауа температурасы 0- 5°С дейін көтеріледі. Тек батыс аймақта күн 2-13 градустан 0-8° аязға дейін салқындайды деп болжанады. Өскемен қаласында 29 қарашадан бастап күн жылына бастайды.  Сол күні ауа температурасы +1 градус болса, 30 қарашада +4 градус жылылықты көрсетеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив