KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег Штиль
519.28 540.05 5.31

Қазақстанға арзан автокөліктер әкеліне бастады

Фото: sakh-exp.com

17.05.2024, 22:00 173 Айжанат Бақытқызы

2024 жылдың I тоқсанында импортталған өнімнің жалпы құны бір жыл бұрынғыдан 21% төмен болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алайда заттай есептегенде жағдай басқаша: әкелінген автокөліктер саны 14%, 31,3 мың бірлікке дейін өскен. 

Демек, орта есеппен, арзанырақ автокөліктер әкеліне бастаған. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында бір автокөлікке $17,1 мыңнан келсе, бір жыл бұрын $24,7 мыңнан келген. 

Сарапшылардың пікірінше, мұндай айырмашылық тек жылдық мәнде байқалады. 2023 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда бір көліктің орташа құны айтарлықтай өзгермеген. 

2022 жылдың IV тоқсанында соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткішке, яғни $31,9 мыңға жеткеннен кейін, өткен жыл бойы көрсеткіш тоқсан сайын біртіндеп төмендей берген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу