16 жастан бастап қыздарға ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуға рұқсат беру ұсынылды
Қазақстанда қыздарға 16 жастан бастап ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуға рұқсат беру ұсынылды, деп хабарлайды Алдтайньюс тілшісі.
Мұндай ұсынысты Денсаулық сақтау министрлігі жасап отыр.
Қолданыстағы заңнамана сәйкес, қазір елімізде кәмелет жасқа толмаған қыз балаларға аталмыш медициналық процедураны жүргізу үшін міндетті түрде ата-анасының не заңды өкілінің келісімі қажет. Енді рұқсатсыз түсік жасатуды заңға енгізбекші.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, бұл әлемде бар тәжірибе екен.
Оқи отырыңыз