KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да қысқартуға қандай полицейлер ілінетіні айтылды

23.11.2018, 08:57 190

Ағымдағы жылғы 16 қазанда Үкіметтің қаулысымен облыстардағы Ішкі істер департаменттері Полиция департаменті болып ауыстырылды. Ішкі істер саласын ары қарай жаңғырту әзірленіп жатқан Жол картасының аясында жүргізілмек.


Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің және аумақтық Департаменттерінің басшылығымен бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Полицияны өзіне тән емес функцияларды атқарудан босату, бірқатар қызметтерді біріктіру, сондай-ақ штат санын 10%-ға қысқарту арқылы қызметкерлердің штат санын оңтайландыру жоспарлануда.


– Қысқартуға бірінші кезекте басқарушылық аппарат жатады, біз білікті қызметкерлер мен өзін ісінің мамандарын сақтап қалуға тиіспіз. Полиция қызметкерлерінің сыртқы келбетінен бастап, моральдық аспектілеріне дейінгі жұмыстарын қайта қарастырамыз. Бұл бірінші кезекте халықпен тікелей байланыс жасайтын қызметтердің жұмысына қатысты, - деп атап көрсетті Жанарбек Бақтыбаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив