Қаражыра көмір кенішінің басын полиция тәулік бойы күзететін болды
Дзюдошы чемпион Жасұлан Әбиевті өлтірген Қаражыра көмір кенішінің басын полиция тәулік бойы күзететін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Дзюдодан қазақстан чемпионы болған Жасұлан Әбиевтің өлімі құқық қорғау органдарының назарын бірден "Қаражыра" көмір кенішіне аудартты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл жердегі қоғамдық тәртіп бір ғана полицейдің бақылауында болғаны белгілі болған. Полицей кеніш басында үнемі болмаған. Кеніш өкілдері нысан басындағы жұмыстың штатты режимде жүріп жатқанын, ал кеніш басындағы трагедияның көмірге деген дүрбелеңнен, ажиотаждан туғанын айтады.
«Халықтың арасындағы дүрбелең қолдан жасалып отыр. Алып сатарлар жұртты өз сөздерімен дүрліктіріп, жағдайды ушықтырып жатыр»,-деген кеніштегілер. Олар тасымалдаушы вагондардың жетіспеуінен көмір тасымалдаудың кешіктіріліп жатқанын да растаған. Олардың сөзінше көмір бағасы үш жылдан бері өзгермеген.