Депозитті қандай валютамен сақтаған тиімді?
«Депозит ашу үшін қандай құжаттар керек? Қай банктен депозит ашқан дұрыс?» деген сауалдарға жауап береміз.
Біріншіден, депозит ашу үшін жеке басыңызды куәландыратын төлқұжат қажет.
Екіншіден, депозит ашпай тұрып, банк қызметкері ұсынғанкелісімшартты мұқият оқып шығыңыз. Әйтпесе, келісім шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда айыппұл төлейсіз. Ақшаны шешіп алғанда,комиссиясы қанша екенін анықтап алу қажет.
Үшіншіден, теңгенің құнсызданып кетуінен қорықсаңыз, депозитті шетелдік валютамен сақтаған тиімді. Бірақ бұл жағдайда сіздің ай сайынғы пайыздық өсіміңіз аз болады. Осы орайда, теңгемен депозит жинағандар үшін банктер жоғары пайыз ұсынатынын айта кеткен орынды. Мәселен, қазақстандық банктер де депозит теңгеде – 12%, шетелдік валютада 2%-ға көбейеді.
Төртіншіден, депозит ашпай тұрып, барлық банктің шартыментанысып шыққан жөн. Ең бастысы, сіз таңдаған банктің «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына» кіретінін анықтап алу керек, - деп жазыпты «Айқын» газеті.