Полицияның жаңа формасы белгілі болды
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Елбасына полиция қызметкерлерінің жаңа формасын көрсетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жаңа форманың соңғы нұсқасы болмақ.
Полицияның жаңа формасына латын әріптерімен POLITSIIA сөзі жазылған екен. Құқық қорғау органдарының шеврон дизайны да өзгеріске ұшырайды. Ондағы жазу да латын әріптерімен түсіріледі.
Сондай-ақ, жыл мезгіліне қарай түрлі бас киімдер қарастырылған: кепка, тоқылған бас киім мен құлақшын.
Оқи отырыңыз