KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 1 желтоқсанға дейін барлық полиция бөлімдерінде фронт-кеңселер ашылады

20.11.2018, 10:26 113

Бұл туралы бүгін ағымдағы жылы атқарылған шаруалар жөнінде халық алдында есеп берген облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.



Мемлекет басшысының полицияның халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу деңгейін жоғарылатуға қатысты берген тапсырмасын орындау аясында қазіргі уақытта ІІМ жүйесінде «Азаматтарға арналған қабылдау» былайша айтқанда, фронт-кеңселер құрылуда.


Енді әрбір қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне келушілерді білікті кеңес берушілер қарсы алып, оларды толғандырған сауалдарға нақты жауап береді, мәселесін шешудің, арызды дұрыс жазудың жолдарын көрсетеді. Тиісті орындаушыларға бағыттайды. Егер келген азаматтардың сұрақтары полицияның құзырына жатпайтын болса, онда кеңес берушілер ол мәселемен қай мекемеге баруды, қандай құжаттар керектігін айтып жөн сілтейді, мекенжайын көрсетіп, байланыс телефонын да береді. Бір сөзбен айтқанда азаматтардың құқықтық сауаттылығын артытруға көмектеседі.


– Қазіргі таңда фронт-кеңселер облыстық департаментте, Өскемен және Семей полиция басқармаларында жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Шемонаиха, Зайсан, Катонқарағай, Глубокое, Жарма аудандық полиция бөлімдері мен Риддер қаласында ашылған. Ал барлық қалған аумақтық полиция бөлімдерінде фронт-кеңселер 2018 жылдың 1 желтоқсанына дейін толық ашылатын болады, - деді облыстың бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.


Сондай-ақ, естеріңізде болса, халыққа қолайлы жағдай туғызу мақсатында Өскемен қаласында биылғы қазан айында Көші-қон қызметін көрсету орталығы да ашылған болатын. Онда тұрғындарға көші-қон мәселесіндегі барлық сұрақтар бойынша бір ғана жерден сапалы әрі жылдам қызмет көрсетіледі. Ондағы қызмет көрсету бір терезе қағидатымен жұмыс істейді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив