KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Өскемен-Бобровка тас жолының бойына тұрғын үйлер салынады

20.11.2018, 07:36 131

Өскемен-Бобровка тас жолының бойына көппәтерлі екі тұрғын үй салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


10 желтоқсанда Глубокое ауданының Солнечная кентінде «Көппәтерлі тұрғын үйлер кешені» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Кенттегі Мир көшесінде үш қабатты екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр екен. Бұл үйлерде 1,2,3-бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Сондай-ақ, баспаналар көлік тұрағы, футбол алаңы және басқа нысандармен толықтырылады.


Жұмыс жобасында құрылыс орны Өскемен-Бобровка автожолынан бір жарым шақырым жерде орналасады деп көрсетілген.


Аталмыш баспаналар «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынбақшы екен. Тапсырыс беруші - «Май дақылдарының тәжірибелі шаруашылығы» ЖШС.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив