KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Шемонаихалықтар идеологиялық ескі атауды ауыстырудан бас тартты

19.11.2018, 10:04 172

Шемонаиха ауданына қарасты Выдриха ауылының тұрғындары идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Выдриха ауылдық округінің әкімі Любовь Ступенько аудандық әкімдіктің ресми сайтында жазды.


Телефон шалғанымызда ауылдың әкімі көшенің аттарын ауыстыруға халық наразы екендігін айтты.


– Кооперативная көшесін – Атамекен, Переулок Гвардейский көшесін – Рухани, Поддувальная көшесін Алтай атауына ауыстырмақ едік. Бірақ 15 қараша күнгі жиында ауыл тұрғындары наразылық білдірді, – деді ол.



Айта кетейік, бұл облыста идеологиялық ескірген атауларды ауыстырудағы бірінші бас тарту оқиғасы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив