KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Көлікке "Ш" белгісін тағып жүру міндетті емес

15.11.2018, 06:06 194

Бұрын, мысалы былтыр қыс мезгілінде барлық жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысқан кезде осы таным белгісін жапсыруды міндеттейтін еді. Биыл олай емес, көлік иелері өздері біледі дейді. Осыған ресми өкілдерден нақты жауап алып бере аласыздар ма?


Нұрлан Нұрекенов, Өскемен


Сауалға облыстық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сергей Коваленко жауап береді:


– Қыс мезгілінде көлік дөңгелектерін қысқы резинаға ауыстыру бірінші кезекте жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі. Бұрын «Шипы» (бүртабан) танымдық белгісі қысқы дөңгелекке ауысқан көлік құралдарының барлығына бірдей міндеттеліп келген болатын. Қазіргі кезде қолданыстағы Жол қозғалысы ережесіне сәйкес аталған белгі жүргізушілердің қалауы бойынша ғана көлікке жапсырылады.


Сонымен қатар азаматтар Кедендік одақтағы «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сәйкес қысқы уақытта (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелекке ауыспаған көлікті басқаруға тыйым салынатынын есте ұстаулары тиіс. Қысқы резина автокөліктің барлық дөңгелегіне орнатылуы қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив