KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

«Қызғылт қазан айы» аясында онкологтар 100-ден астам мемлекеттік қызметкер әйелді тексерді

30.10.2024, 15:30 109 Төлеуғазы Жансая

Онкологиялық орталық маммологтары «Қызғылт қазан айы» акциясы аясында 100-ден астам әйелдерді тексерді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қызғылт қазан айы» – сүт безі қатерлі ісігі туралы халықтың ақпараттануын арттыруға арналған дүниежүзілік ай. Осы айда ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының мамандары сүт безі обыры туралы ақпарат таратып, түрлі іс-шаралар өткізді. Бұл дерт онкопатология құрылымында басты орын алатыны Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де өзекті.

Акцияның бір бөлігі ретінде онкологиялық орталық дәрігерлері облыстағы еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Кеше осындай іс-шара мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылды. ШҚО көпсалалы онкология орталығының маммологтары 100-ден астам әйелді тексеріп, қажет болған жағдайда сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуін жүргізді және тиісті кеңестер берді.

Айта кету керек, бұл акциялар әйелдер арасында қолдау табуда, және олар өз денсаулықтарына көңіл бөлу мүмкіндігін қуана пайдаланады.

Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу