KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
491.7 531.28 5.07

ШҚО тұрғындары қант үшін 30 миллион теңге ақшасынан қағылған

spb.kp.ru

Бүгін, 15:30 0 Төлеуғазы Жансая

Өскеменде тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы азаматшаны ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полицияға облыстың 19 тұрғыны арызданған. Олар күдікті әйелдің өздеріне қант жеткізіп беруге уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін жоғалып кеткенін айтқан. Жалпы шығын шамамен 30 миллион теңгені құрайды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің бұрын ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасын қолданды.

Полиция департаменті тұрғындар осындай қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен жағдайда дереу «102» арнасына хабарласуды сұрайды.


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив