Өскемен байкерлері есірткіге қарсы
Бүгін осындай ұранмен темір тұлпарлардың мотоколоннасы Өскеменнің басты көшелерімен жүріп өтті. Нашақорлық мәселесі ешқашан өзектілігін жоғалтпаған және бұл зиянды тәуелділікке қарсы күнделікті және тұрақты жұмыс жүргізу қажет. Әлеуметтік зұлымдыққа қарсы күреске Өскемен байкерлері де атсалысты. Олар қала тұрғындарына есірткінің зияны туралы, нашасыз өмір сүрудің әлдеқайда қызықты, көңілді екенін айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Шығыстың байкерлер қауымдастығы мұндай іс-шараларға алғаш рет қатысып отырған жоқ және өз іс-әрекеттерімен бос уақытыңызды өзіңізге және айналаңыздағыларға, сүйікті ісіңізге тиімді жұмсау керектігін көрсетті, - деп атап өтті облыстық полиция департаментінде.