Сүт өнімдеріне қатысты кедендік одақтың техникалық регламенті енгізіледі
Фото: depositphotos.com
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кедендік одақтың техникалық регламенті қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Келер жылдан бастап сүт өңдеу кәсіпорындары шикі сүтті осы регламентке сәйкес қабылдайтын болады. Техникалық регламенттің №5 қосымшасына сәйкес шикі сүтте, шикі майсыздандырылған сүтте және шикі кілегейде микроорганизмдер мен соматикалық жасушалардың рұқсат етілген деңгейі тексеріледі.
Оқи отырыңыз