KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
472.57 508.34 5.4

ШҚО ардагерлері қаза тапқан балалардың отбасыларына қолдау көрсетпек

2.07.2024, 09:00 90 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облыстық Ардагерлер ұйымы Қырғызстандағы табиғат апатынан қаза тапқан балалардың отбасыларына материалдық көмек беру туралы шешім қабылдады. Аға буын өкілдері барша өңір тұрғындарын да белсенділік танытып, қолдау көрсетуге шақыруда, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.


Қырғызстанның Ош облысында болған сел тасқыны салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды ШҚО тұрғындары терең күйзеліспен қабыл алып отыр. Өкінішке қарай, қаза тапқандар арасында шығысқазақстандық екі отбасының төрт баласы да бар. 
Мемлекеттік органдар бұл отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін бірден хабарлады. 

– Бұл – орны толмас қайғы. Осындай қиын кезде, бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Сондықтан аталған отбасыларға моральдық қана емес, материалдық қолдау көрсету туралы шешім қабылдадық. Қадірлі жерлестер! Бұл жағдайға бей-жай қарамай, баршаңызды белсенділік танытып, қолдау көрсетуге шақырамыз! Біздің күшіміз – бірлікте! – деп мәлімдеді облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Айтқазы Шерубаев.

Қайырымдылық көмек көрсетуге арналған деректемелер: «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, Өскемен қ., Горький к-сі, 40. ЖСК KZ316010151000052349, «Қазақстан халық банкі» АҚ, БСН 970241005806, КБЕ 18, БСК HSBKKZKX.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив