Информатика пәні бірінші сыныптан оқытылады
Қазақстанда информатика пәнін бірінші сыныптан оқытатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі,
Жаңалық 2019 жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында енгізілмек.
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева ҚР Парламентінің Сенатындағы Үкімет сағатының барысында мәлім етті.
2017-2019 жылдар аралығында барлық мектептер кең жолақты интернетке қосылуға тиіс. Оған арнайы қаржы да бөлініп отыр екен.
Айта кетсек, осы жылы информатика үшінші сыныптан оқытылып жатыр. Келер жылы бұл пәнді бірінші сынып оқушылары оқи бастайды. Оларға арнайы бағдарлама даярлануда.
Оқи отырыңыз