KZ
Өскемен
+9°
небольшая облачность жел 1,8 м/с, В
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да ертең тағы қар жауып, боран соғады

9.11.2018, 11:42 143

Демалыс күндері аймақта жауын-шашын болады. Сондай-ақ, ауа температурасы да айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ШҚО ТЖД-нің ресми сайтындағы ақпарат бойынша, 10 қарашада ШҚО аумағында боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Жолдарда көктайғақ болады.


Өскеменде 10-11 қараша аралығында тағы қар жауады деп болжануда.


Ауа температурасы ертең күндіз минус 6 градус болса, түнде – минус 13-ке дейін төмендейді екен.


Ал жексенбіде күн райы күрт суытады. Кешкі уақытқа қарай термометр бағаны минус 19 градусты көрсетуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив